Қызықты жұмыстан табысты мансапқа!

Сен қандай жұмысты армандайсың? Тұрақты ма? Икемді кестесімен бе? Жоғары мансапқа қол жеткізгің келе ме?

Қазірден бастап McDonald’s-та өз жолыңды баста, себебі бұл жәй ғана жұмыс емес, мансапқа жетуге тамаша мүмкіндік! Сауалнаманы толтыр да, сұхбаттасудан өтіп, әйгілі McDonald’s командасына қосыл, себебі біз тек алға дамып, өз әлеуетін ашуға дайын адамдармен кездесуге дайынбыз!

girl manager gay
Не себепті McDonald’s-тан жұмысты
таңдау керек екенін біл:

Артықшылығы

Тұрақты табыс

Тұрақты табыс

Сенің жұмысың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай тіркеледі. Жұмысыңның бірінші күнінен бастап еңбек келісімшарты жасалады және еңбекақы уақытымен төленеді. Жұмыс орнында еңбекке жарамсыздық жайлы парақша да төленеді, кезекті демалыс та беріледі.

Икемді кесте

Икемді кесте

Біздің ойымызша, жұмыс кестесі сенің өмір ырғағыңа сай және алдыңа қойған мақсатыңа жетуге кедергі болмауы керек. Сол себепті McDonald’s сенің өз қалауыңа сай икемді кесте ұсынады. Соның нәтижесінде сен жұмыс пен оқуды қатар жүргізіп, сүйікті ісіңмен айналыса аласын.

Мансаптың өсуі

Мансаптың өсуі

Компания ішіндегі оқу және даму McDonald’s-тың басты артықшылықтарының бірі болып саналады. McDonald’s-тың барлық менеджерлері мен директорлары өз мансабын қарапайым қызметкер ретінде бастаған. Дарындарды нақты бағалау және дамыту жүйесінің арқасында, McDonald’s-тың әр қызметкері мансап құруға және халықаралық компанияның кәсіпқой менеджері болуға керемет мүмкіндігі бар.

Бос қызметтер

Сатушы сөресінде қонақтарға қызмет ету, асүйде тағам дайындау, залда және маңайындағы аумақта тазалықты сақтау, сондай-ақ тұтас алғанда мейрамхана қонақтарына қызмет ету мейрамхана қызметкерінің міндеттері болып табылады.

Не істеу керек?

Сатушы сөресінде:

  • Қонақтарды қарсы алу және тапсырысты қабылдау
  • Тапсырысты есептеу және жинау
  • Сусындар, коктейлдер және картоп станцияларында жұмыс істеу

Ас үйде:

  • Грильмен жұмыс істеу
  • Тостермен жұмыс істеу
  • Шыжып тұрған май станциясымен жұмыс істеу

Залда және маңайындағы аумақта:

  • Залды тазалау
  • Мейрамхана қонақтарымен қарым қатынасу

Қандай әдеттерге үйренесің?

  • Мейрамхана қонақтарымен қарым қатынасу
  • Ұқыпты, жинақы және жауапты болу
  • Компанияның жоғары стандарты бойынша тамақ дайындау
  • Ұйымдасқан командада нәтижелі жұмыс істеу

Қандай мүмкіндіктерің бар?

  • Үлкен халықаралық компанияда өз мансабыңды бастау. Осы компанияның менеджерлері мен директорларының басым көпшілігі өздерінің тамаша мансабын осындай қарапайым жұмыстан бастаған.
  • Тұрақты және жақсы ақылы жұмыс істеу
  • Оқудан немесе басқа істен қол үзбей еңбек ету
  • Әрдайым өз кәсіпқойлығыңның деңгейін білу
  • Уақыт келгенде мейрамхананың кез келген орнында дербес жұмыс істеу
  • Өз күніңді оңай жоспарлау

Қызметкерлерге қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы немесе ықтиярхаты
  • Жасы – 18 жастан жоғары

Дайындау және ашылу бригадасының қызметкері мейрамхананың күнделікті ашылуының дайындығын жүргізеді. Барлық жабдықтар мен бөлмелерді әзірлейді. Мейрамхананың ашылуына дайындық түнгі уақытта өткізіледі.

Не істеу керек?

Сатушы сөресінде:

  • Коктейль және балмұздақ жабдықтарын бөлшектеу және тазалау
  • Коктейль мен балмұздақты мұздататын камераның сорғышы мен цилиндрін құрастыру
  • Сатушы сөресінің барлық жабдықтарының санитарлық өңдеуін жүргізу

Ас үйде:

  • Картоп пен пирогтардың станцияларындағы сұйық майды сүзгілеу және ауыстыру
  • Гриль мен тостерлердің жармаларын толық тазалау және өңдеу
  • Табақтарды тазалау және дезинфекциялау
  • Асүйдің барлық жабдықтарының санитарлық өңдеуін жүргізу

Залда және маңайындағы аумақта:

  • Зал мен дәретханаларда тазалық пен гигиенаны сақтау
  • Мейрамхананың маңайындағы аумақты тазалау
  • Терезелер мен сыртқы жарнаманы жуу
  • Жазғы алаңшаны әдемілеу

Қандай әдеттерге үйренесің?

  • Ұжымда жылдам және нәтижелі жұмыс істеу
  • Мейрамхананың ашылуына жүргізілетін барлық дайындық тәртібін білетін боласың. Осы білім сенің McDonald’s-тағы болашақ жұмысыңа керек болады
  • Ұқыпты, жинақы және жауапты боласың
  • Алдыңа қойылған міндеттерді шектеулі уақыт аралығында жоспарлап, дербес орындай аласың

Қандай мүмкіндіктерің бар?

  • Тұрақты және жақсы ақылы жұмыс істеу
  • Болашақта өз мансабыңды халықаралық компанияның жоғары қызметінде жалғастыру
  • Күнделікті кестеңді ыңғайлы жоспарлау. Түнде жұмыс істеп, күндіз оқу мен өзге жұмыстармен айналыса аласың

Қызметкерлерге қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы немесе ықтиярхаты
  • Жасы – 18 жастан жоғары, тек қана ЕР АДАМДАР
  • Түңгі уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі

Компания жайлы

  • Бірегей идея

    40-шы жылдардың соңында ағайынды Дик және Мак Макдоналд Сан – Бернардинодағы (Калифорния) шағын мейрамхананы таңғаларлық бизнеске айналдырды. Олар жедел қызмет көрсету мен арзан баға және үлкен көлемге негізделген айрықша жаңа концепцияны ойлап тапты.

  • Рей Крок

    1954 жылы Рей Крок ағайынды Макдоналдтардан франчайзинг бойынша эксклюзивті агент болу құқығын сатып алды.

  • Алғашқы мейрамхана

    1955 жылдың 15 сәуірінде Рей Крок Иллинойс штатындағы Дез-Пленз қалашығында өзінің бірінші McDonald’s мейрамханасын ашты (қазіргі уақытта корпорацияның мұражайы).

  • Уақытты елемейтін сапа

    Крок ағайынды Макдоналдтардың қағидаттарын сақтап қалды, яғни – шектеулі мәзір, сапалы ас, құрастыру желісі арқылы дайындау жүйесі, жедел, жылы, әрі шырайлы кызмет көрсету, сонымен қатар өзінің тазалыққа деген жоғары стандарттарын қосты.

  • Бүгін әлемде
    36 мыңнан астам
    мейрамханасы бар
    McDonald’s әлемнің
    120
    елінде бар
    1,7 млн-ға
    жуық жұмысшы бар

    Қазіргі McDonald’s

    Бүгінгі уақытта 120 мемлекеттегі 36 000-нан астам McDonald’s мейрамханаларындағы 1,7 миллионға жуық қызметкерлері күнделікті мейрамхананың 60 миллионнан астам қонақтарына қызмет көрсетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт, біз өз ісімізді және сол істі атқарып жүрген қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз.

  • McDonald’s Қазақстан

    8 наурыз күні Астанада Қазақстандағы алғашқы McDonald's® мейрамханасы есігін айқара ашты. Қазақстан бүкіл әлемге әйгілі желінің кәсіпорындары жұмыс істейтін 120-шы мерейтойлы ел болды. Біз аты аңызға айналған сауда белгісінің дәстүрлерін сақтай отырып, қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын өзіміздің әлемге әйгілі тағамдарымыздың дәмімен таныстыруға дайынбыз.

  • Біздің қағидаттарымыз

    McDonald’s-тың басты қағидалары: Сапа, Қызмет көрсету мәдениеті, Тазалық пен Қол жетімділік (СҚТҚ) – барлығына бір және әр келген сайын!
    Толығырақ:

    Біз мейрамхананың қонақтары мен олардың мейрамханадан алған әсерін жұмысымыздың төріне қоямыз

    Біз қонақтарымыздың арқасында ғана жұмыс істейміз. Оларға жоғары сапалы тағамдарды қол жетімді бағамен ұсына, тамаша қызмет көрсету мен таза, қонақжайлы мейрамханаларда қарсы алу арқылы өз құрметімізді білдіреміз

    Біз өз қызметкерлерімізді бағалаймыз

    Біз мүмкіндіктерді ашамыз, икемдерін дамытамыз, басшыларды жетілдіреміз және жетістіктер үшін марапаттаймыз. Біз, жақсы жаттыққан, алуан-түрлі тәжірибесі мен білімі бар қарым-қатынас пен өзара құрметтілікке қолайлы және жұмыс үрдісіне әсер ете алатын топтағы қызметкердің әрқайсысының жұмысының нәтижесі біздің табысымыздың басты себебі екеніне сенімдіміз

    Біз McDonald’s жүйесіне сенеміз

    McDonald’s бизнес үлгісінің басты үш қосалқысы – иелер/басқарушылар, жеткізушілер және компания қызметкерлері.

    Осы үш топтың мүддесінің теңгерімін ұстау біздің негізгі мақсатымыз

    Біз бизнес этикасын сақтап жұмыс істейміз

    Адал этика кез келген бизнестің негізі болып табылады.

    Біз McDonald’s-та осы қағидаға сүйене отырып, жоғары стандарттарды ұстана, өз бизнесімізді ашық, адал және әділетті жасаймыз. Біз жеке және ұжымдық жауапкершілікті сақтаймыз

    Біз қоғам өміріне қатысамыз

    Біз әлеуметтік жауапкершілігімізге шындап қарай отырып, өзіміз жұмыс істеп жатқан қоғамның тұрмыс сапасын көтеруге тырысамыз. Және әлемді жақсартуға компанияның барлық ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдаланамыз

    Біз табысты бизнесті дамытамыз

    Бізге қызмет жасайтын барлық компаниялар біздің қонақтарды қарсы алуға ат салысады. Біз, өз жүйеміздің барлық мүшелері мен инвесторлардың бизнесі тұрақты және табысты болуын қамтамасыз етеміз

    Біз әрдайым жетілуге ұмтыламыз

    Біз мейрамхана қонақтарының, қызметкерлердің және жүйенің өзгеріп отыратын қажеттіліктерін алдын ала біліп, тоқтаусыз жетілу мен инновация арқасында іс әрекет жасайтын, сонымен қатар жаңалыққа үнемі көңіл бөлетін ұйымбыз

Мейрамханалар

Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көш., 41 үй

Тел.: +7 727 331 36 63

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Розыбакиев көш., 247а

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даң., 483, Мақатаев көш. қиылысы

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы, Мамыр-4 ықшам ауданы, 197Б

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Минин, 14/1 үй

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Мустафин көш., 5а үй

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, 010017, Астана қ., Қабанбай батыр даң., 26 үй

Тел.: +7 7172 223 52 33

Өту картасы
<p>Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,<br /> Қабанбай батыр даң., 62 үй</p>
Контакты

Тел.: +7 7172 554516

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, Z05H9M5, Астана қ., Достық көш.., 9 үй

Өту картасы
Контакты

Қазақстан Республикасы, 010013, Астана қ., Богенбай батыр даң., 49 үй

Өту картасы
Контакты

Республика Казахстан, г. Костанай

Өту картасы

Ваша анкета получена!

Надеемся вскоре увидеть вас в нашей команде.